Өлең, жыр, ақындар

Майға

  • 03.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3423
Майдың күні, -
Майдан күні,
Майдан күшін сынайтын.
Майдың үні,
Майдан үні,
Майданда жау жылайтын.
Майдың ері, -
Майдан ері,
Мәңгі бойы талмайтын.
Күшіне - күш,
Ісіне - іс,
Екпінге - екпін қарайтын.
Майда екпін,
Майданда екпін,
Екпіндеген
С С С Р
Екпін күшпен,
Екпінді істен,
Туды тулап жаңа жыр.
Ел де жаңа,
Жер де жаңа,
Жаңаланған еңбекші ел.
Елді, жерді, -
Өңдірісті,
Жаңалаған миллионер.
Майда жарыс,
Майдан жарыс,
Майдан тасқан көп табыс.
Табыс тапқан,
Тасқындатқан,
Мың-миллион көп жарыс.
Майда - ұран,
Майданда - ұран,
Ұрандаған пролетар.
Калт-құлт еткен,
Кейін кеткен,
Дағдарыстан капитал.
Майдың туы, -
Майдан туы,
Құрыш қолда тұратын.
Майдағы алып,
Майданда алып,
Социализм құратын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып

  • 0
  • 0

Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып,
Балаларға табам ба деп қысқы азық.
Жарылып екі қолым күс болып кетті,
Неден ғана қарғалдым, неден жазық?

Толық

Роза Мұхаметжан қызының өліміне

  • 0
  • 0

Роза десе роза гүлдей балғыным,
Көзді жұмып мәңгі ұйқыға қалғыдың.
Ушықтырып жүрегімнің жарасын,
Бір көруге дидарынды зар қылдың.

Толық

Қош, Полина!

  • 0
  • 0

Отанымның тұңғыш қызы қанаттым,
Айдарыңды жібек желге тараттың.
Биікке самғап, шығысқа ұшып, шарықтап,
Қанатыңды алтын күнге жалаттың.

Толық

Қарап көріңіз