Өлең, жыр, ақындар

Роза Мұхаметжан қызының өліміне

  • 03.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2399
Роза десе роза гүлдей балғыным,
Көзді жұмып мәңгі ұйқыға қалғыдың.
Ушықтырып жүрегімнің жарасын,
Бір көруге дидарынды зар қылдың.
Роза десе роза гүлдей жайнаған,
Тәтті тілің таң бұлбұлы сайраған.
Сені иіскеп сүйгенімде басылып,
Калушы еді іштегі дерт кайнаған.
Роза десе роза гүлдей түрлеген,
Бал бөбегім балғын денең бүрленген.
Қанбай мейір, калдық құмар тарқамай,
Соларыңды қыршыныңнан кім білген.
Жібек шашың желкілдеген желбірей,
Қара көзің төңкерілген мөлдірей.
Жүрегімді езгендей нәқ тас түсіп,
Кетті бүгін сені естіп елжіреп.
Жер қойыны болды мәңгі бесігің,
Бұл дүниенің жаптың қатты есігін.
Жығылғанға дегендейін жүдырық,
Сілдем құрып калдым шаршап осы күн.
Тура келсе ажал шіркін жоқ айла,
Ата-ана, туысқаннан не пайда.
Қош қарағым, қарақат көзді Роза жан,
Төрт жасында өледі деген жоқ ойда...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлгім тіпті келмейді

  • 0
  • 0

Өлгім тіпті келмейді,
Қанша қорлық көрсем де.
Өжет жаным өлмейді,
Өлді деп мені көмсең де.

Толық

Өксумен өкініште өтті-ау өмір

  • 0
  • 0

Өксумен өкініште өтті-ау өмір,
Қайғымен қарауытып шіркін көңіл.
Кешегі лапылдаған ыстық жүрек
Суыды, суықтығы бейне темір.

Толық

Ана мейірімі

  • 0
  • 0

Күніне жүз жырласам мен тоям ба,
Жас өрендер, сенің балғын шағыңды.
Өссе өнер, білім, талап талғамың.
Жер менен көк тілегіңе табынды.

Толық

Қарап көріңіз