Өлең, жыр, ақындар

Зауал

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 320
Отырды қарт аула iшiнде,
көктемде.
Мойынсұнған уақыт деген өктемге.
Отырды қарт таяғына сүйенiп,
ой жүгiртiп өткен менен кеткенге.
Оймен кезiп сан жылдардың жырасын,
отырды ғой iздегендей сыр асыл.
Ойға шомып отырды да,
бiр кезде
есiне алды қылмысты бiр күнәсiн.
Бiрақ та ол кеткен жоқ қой сұрланып,
кеткен жоқ ол не бiр налып,
мұңданып!
Есiне алды, керiсiнше,
күнәсiн,
iлтипатпен,
ықыласпен нұрланып.
Күнәсiн ол есiне алды шаттанып,
өзiне өзi риза болып мақтанып.
Кеудесi оның сол мақтаныш,
шаттықтан
тұрды дейсiң жарылуға шақ қалып.
Сол бiр кезде –
О, құдiрет! Жасаған! –
Назарыңнан кiм қалыс қап,
қаша алар.
Басқа түрге енiп бара жатты ғой
күнәсi үшiн мақтанған сол мас адам.
Ап-анық күн кенет тартып бұйығы
жүрiп өттi әлдененiң құйыны, –
сол адамды бара жатты сығымдап
көк темiрге айналды да киiмi.
Дегендей-ақ:
көрмегендi көресiң! –
ап кетердей одан тiрлiк елесiн,
көк темiрге айналды да киiмi
сығып бара жатты бүкiл денесiн!
Жаратқанның құдiретi қақты оны.
Iздеп жүрiп қарғыс оғы тапты оны, –
ал таяғы сұр жыланға айналып
сумаң қағып,оратылып шақты оны...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөз

  • 0
  • 0

Мұндай кезде –
(сақтанам!),
қарау керек көздi ашып, –
дүниенi қаптаған

Толық

Өлi тiлдер

  • 0
  • 0

Өлi тiлдер,
өлген тiлдер ұрығы,
сөнген тiлдер қызуы мен жылуы.
Өлi тiлдер,

Толық

Әбдіраштың Жарасқаны

  • 0
  • 0

Жарасқаным, дара тұлғам,
Сенде сезiм, ой шыныққан.
Бiлем сенiң
Жаратылған

Толық

Қарап көріңіз