Өлең, жыр, ақындар

Бүгінгі ауыл

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 483
Ауылым-ай!
Ауылы қазағымның!
Көрiп сенiң түрiңдi назалымын.
Жатырсың ғой арқалап сен бүгiнде
таусылмайтын тiрлiктiң
азап-мұңын.
Сенде едi ғой –
рухым, ұраным да.
Сенде едi ғой –
сарқылмас бұлағым да.
Сенде едi ғой –
сөнбейтiн шырағым да.
Сенде едi ғой –
иманым – құраным да.
Сенде, сенде болатын қасиетiм!
Қасиетiм жоғалса –
қасiретiм! –
Қалмапты ғой бүгiнде, құдайым-ай,
қонағыңа сақтайтын асым етiң.
Жетiмсiреп қалған соң өрiсiң де,
бiлем сенiң, дәл қазiр –
шер iшiңде!
...Ал бiреулер, апыр-ай, осы кезде
жанталасып байлықты бөлiсуде.
Бет бұрдың ба,
шынымен жоғалуға, –
Күшiм жоқ па тоқтатып,
доғаруға.
Ауыл менiң қазынам асыл жиған.
Неге менiң қазынам тоналуда!
Тұрсаңдағы жаңылмай сабырыңнан,
сырқырайды сүйегiм шағымыңнан.
Тамыры едiң шын қазақ Рухының,
жатырсың ғой қиылып тамырыңнан.
Сөздерiңдi тастауда керi жасқап.
Сарсылуда адамдар теңi бос қап.
Теңi бос қап сандалып қалған олар
сенi тастап кетуде,
сенi тастап.
Қан қақсатып қаншама сан қақтырған
Кiм ауылды, –
апыр-ай! –
арбап тұрған?!
Қаңырап тұрған үйлердiң есiктерi
ауызындай адамның аңырап тұрған!
Бiздi өсiрген Ана едiң сан аялап...
Не болады ертеңiң? –
барам аяп!
Қара суық өтiнде дiр-дiр етiп,
қара сирақ бала тұр жалаңаяқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уәж

  • 0
  • 0

«Бас жарылса – бөрiк iшiнде,
Қол сынса – жең iшiнде».
Осылай жұбатасың.
Жұбатамын деп

Толық

Көктемгі арнау

  • 0
  • 0

Сен жүрсiн деп
жапырақтардың арасынан төгiлген
жинап алып айдың аппақ жарығын
көк шалғынға соқпақ етiп төседiм;

Толық

Бостандығым туралы сөз

  • 0
  • 0

Ұшыраған тауқымет дауылына,
жаурап тоңған тағдырдың жауынына, –
бостандығың келдi ғой,
бостандығың!

Толық

Қарап көріңіз