Өлең, жыр, ақындар

Қос ниет

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 473
Бұл өмiрде аз ба, көп пе үлесiң –
Бәрiбiр сен! –
Жылайсың да, күлесiң...
Ғұмыр бойы еркiңнен тыс! – өлгенше
Қос ниеттiң қоршауында жүресiң.
Ендi мұны түсiн мейлi,
түсiнбе, –
мейлi сенiң аппақ болсын iсiң де –
Жүресiң сен ғұмыр бойы өлгенше
қара ниет,
ақ ниеттiң iшiнде.
Жанып тұрса бiреуiнiң шырағы,
құрту, жою бiреуiнiң ұраны.
Қара ниет күлiн шашып құтырып,
аппақ ниет нұр себелеп тұрады.
Өмiр сенi қаншама әлi сiлкедi,
өмiр сенi қаншама әлi тiнтедi...
Қара ниет жақса саған күйесiн,
аппақ ниет ақ бұлт боп сүртедi.
Туса дейсiң – әрбiр күнiм бақ күн боп.
Көкжиекке белгiсiз боп батқың жоқ...
Қара ниет қарқылдаса қарға боп,
аппақ ниет ән салады аққу боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өрт

  • 0
  • 0

Аяуы жоқ адамдардың тiлiнен
кейде өртенем күнiмен де,
түнiмен.
Күйдiредi,

Толық

Талану

  • 0
  • 0

Жан-жағымнан талады.
Талады!
Бiреуi –
Жүрегiмнiң тұсынан! –

Толық

Қарауыл төбе басындағы ой

  • 0
  • 0

Ақ шаң болып жота, қырым, белеңiм,
дауыл соғып,
лайланып тереңiм,
қауiп-қатер төнген кезде далама

Толық

Қарап көріңіз