Өлең, жыр, ақындар

Шегірткелер

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 172
Ойлаумен әрбiр сағат, әр күнiмдi
ар жылап, жүрек күйiп жан бүлiндi...
Бұлт болып шегiрткелер қаптап ұшып
жалмауда астығымды, шалғынымды.
Опат кеп көктеп тұрған бал ғұмырға,
түтiп жеп тулақ етiп, шаң қылуда!
түп-түгел орып, отап жасылымды
орнында сояуларын қалдыруда.
Бүлiгiн көрген кезде жан шығармай!
(Налисың ауыр ойдан аршыла алмай).
...Тiрлiктi қырқып жатыр, қиып жатыр
бейне бiр қанаты бар қайшылардай.
Көбейiп кеттi қазiр желiккен ер.
(Ғұмыры желiкеннен жерiп келем).
Тек астық, шалғында емес,
байқайсың ба,
өмiрде қаптап кеттi шегiрткелер.
Жiбермей өзiн-өзi – бұлқынуға
көп адам өз жiгерiн құм қылуда.
Қаптаған шегiрткедей өтiрiктен
ақ арман, жасыл үмiт қырқылуда.
Сақта тек ұстыныңды, тiрегiңдi!
Сақта тек тамырыңды, тiлегiңдi!
Сөз бiткен шегiрткедей бұлт боп ұшып
талауда жаның менен жүрегiңдi.
Тiрлiктiң мiнiп жауыр жайдағына
бас идiк қайдағы мен жайдағыға...
Айла мен қулық, сұмдық шегiрткесi,
елiмнiң ойран сап тұр жайлауына...
Қарасам уақыттың қабағына
жабығып жас үйiрiлер жанарыма...
Бұл күнде ұлтым менен ұлы далам,
түсiп тұр шегiрткелер талауына!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шүкір дейік

  • 0
  • 0

Шашылып
Шақшаңдай бермей
Жан-жағымызды бүтiндейiк.
Ашынып

Толық

Өрт

  • 0
  • 0

Аяуы жоқ адамдардың тiлiнен
кейде өртенем күнiмен де,
түнiмен.
Күйдiредi,

Толық

Бекболат Тілеуханов

  • 0
  • 0

Қарға бойлы Бекболат!
Түйдек-түйдек құйылған
Екпiнiңе жете алмас
Ұшқан құс пен шапқан ат, –

Толық

Қарап көріңіз