Өлең, жыр, ақындар

Жанталас

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 415
Даламның үстiн
Түндей қап-қара бұлт басты.
Бiреулер олай қашты,
Бiреулер бұлай қашты...
Жанталасып
Найзағайдың бұтағын ұстап ем
Олар сынып кеттi...
Бәйтеректiң бұтағын ұстап ем
Жел соғып
Жапырақтай жұлып кеттi.
Тастарға жармасып ем
Тастар
Менiмен бiрге домалады.
Қолымды
Күн-түнi балталады.
Жанымды
Күн-түнi жаралады.
Мойнымды
Күн-түнi аралады.
Сонда да болмадым.
АЯР
Сен менi
Алдап, арбап
Күлiп тұрасың.
Iшiңнен –
Мақау иттей! –
Үн шығармай
Үрiп тұрасың.
Баратын жерiмнiң бәрiне
Торыңды жазып қойғансың.
Басатын жерiмнiң бәрiне
Орыңды қазып қойғансың.
Тiктеп келсем –
Жықпыл-жықпылға кiрiп
Түлкiдей
Сырт қашасың.
Бұрылсам –
Соңыма арпылдаған
Ит қосасың.
Адамды адамға
Айдап саласың,
Қайта-қайта
Қайрап саласың.
Шiркiн-ай, –
Күндердiң күнiнде! –
Мазақ етiп
Күндей күркiреп күлсем ғой.
Қара бұлттардың iшiнде
Сiлкiнiп жатқан
Найзағайлардың бұтақтарын
Суырып алып
Жоныңнан таспа тiлсем ғой.
Айызым қанар едi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенi көрсем!

  • 0
  • 0

Сенi көрсем! —
Жан жүрегiмнiң шамдары
Тас атып сындырғандай
Өшетiнi несi;

Толық

Киіз үй

  • 0
  • 0

Содан, содан басталған
Сенiң, менiң арманым.
Киiз үйiм –
аспаннан

Толық

Жәбірлену

  • 0
  • 0

Бүкiл жанын –
арсыздық кеп торлаған,
бүкiл жанын –
қансыздық кеп торлаған,

Толық

Қарап көріңіз