Өлең, жыр, ақындар

Қарлы борасын

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 282
Ақ түтек борасын
Аспанның астын толтырып
Ышқынып соғып тұр;
Бет қаратпастан
Ысқырып соғып тұр.
Жер үстiн жалмап
Сыпырып кеткендей,
Дүние жұтылып кеткендей.
Астыққа толып
Қампиып жататын
Алып қамбалардай,
Қап пен қанарлардай
Жота мен белдер де
Көрiнбейдi.
Дөңес пен дөңдер де
Көрiнбейдi.
Көк пен жердiң арасында
Көзге көрiнбейтiн
Ғаламат шеңбер-доңғалақтар
Зырқырап, зуылдап,
Шуылдап айналып –
Көмейiнен! –
Ұйтқыған ақ қарды
Құйып жатыр.
Қайқаң жерлерден сыпырып,
Ойпаң жерлерге
Қуып жатыр.
Жын қаққандай
Бұрқырап жатқан,
Әбiлет соққандай
Жұлқылап жатқан
Сойқан дүниенiң
Тегершiк, тұтқасындай –
Тал менен теректер! –
Дiр-дiр етiп тұр.
Дүлейлi алапат қуат
Жер үстiн
Сүргiн етiп тұр.
Сұрапыл құдiреттi күш
Дүниенi
Тарпып жатқандай;
Аптыға асап
Қарпып жатқандай;
Астыққа толы
Қап пен қанарлардай
Дөңкиген
Жота мен белдердi
Диiрменге салып
Тартып жатқандай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Экологиялық өлең

  • 0
  • 0

Майлы тоқ iшектей
Толып ағатын өзендерiм
Арық қойдың
Аш iшегiндей шұбатылып

Толық

Ұйқастар

  • 0
  • 0

Ұйқастар iздеп,
ұйқастар iздеп келем мен
тұңғиық түпсiз тереңнен,
теңiзден долы толқынын атқан кемерден,

Толық

Голощекиннің Алатау батырға жасаған қастандығы

  • 0
  • 0

Алатау батыр басына
Дәрмені құрып,
Кенезесі кеуіп
Шөлдеп келгендер

Толық

Қарап көріңіз