Өлең, жыр, ақындар

Алаяқ

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 455
Мұңайып сөйлесең –
Өмiрден тәшпiш көрiп! –
Жүрегiңнен
Қан сорғалап тұрғандай.
Тыңайып сөйлесең –
Тiлiңнен –
Бал сорғалап тұрғандай.
Кiмдi болса да
Алдап аласың.
Арбап аласың.
Жең ұшымен жалғасып
Жалдап аласың.
Күл астындағы судай
Бiлдiрмей бүлдiретiн
Бұзықсың.
Май табанында –
Жасырынып жатқан –
Алмас тырнағы бар
Мысықсың.
Iшiңде! –
Үйдей үлкен
Бәле жатыр.
Сол бәленi мекендеген
Iрiң iшетiн құрт пенен
Қан сорғыш
Кене жатыр.
Кездескен жанға –
Жалтылдап,
Құбылып ойнаған
Қылықтысың.
Бiрақ та
Ұйығанды iрiтетiн
Iрiткiсiң.
Екi адамды жау қылсаң –
Бiлдiрмей мәз болып –
Күпсiп тұрасың.
Қашан көрсем де
Iшiңде – сөнбейтiн! –
Шала жатқандай
Бықсып тұрасың.
Мен сенiмен –
Жан берiп,
Жан алысардай
Жағаластым.
Жеңе алмадым!
Өйткенi сен
Iбiлiспен кiндiктес,
Албастымен аталассың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қапалану

  • 0
  • 0

Мына Уақыттың
Қара суықтай
Қысуын-ай...
Жанымды қозғап,

Толық

Ормандағы өрт

  • 0
  • 0

Барым өртенiп жатқандай,
Жаным өртенiп жатқандай
Орман өртенiп жатыр.
Қараған сайын

Толық

Домбыра

  • 0
  • 0

Саздар iздеп жұлдыз, бұлақ, қайыңнан,
аспандағы құстың даусын қайырған,
төзiмдi илеп,
сезiмiңдi үгетiн

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар