Өлең, жыр, ақындар

Алматы

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 421
Ұлы қалам!
Басыңнан не өтпедi?!
Не көрмедiң?!
Өлмедiң!
Қаншама қараң қалдың...
Көрер жарығың бар екен
Аман қалдың.
Жер сiлкiнiп
Желдi күнгi
Құстың ұясындай
Шаңырағыңды шайқап кеттi.
Ағаштарыңды қопарып,
Үйлерiңдi жапырып.
Жермен-жексен қып
Жайпап кеттi.
Қаншама отқа өртенiп
Қаралы болдың.
Опасыз оқтар тиiп
Жаралы болдың.
Атан жiлiгiң сынып
Омақасып
Құлап жатқан
Кездерiң болды.
Бүкiл елiңдi еңiретiп
Ебiл-дебiл боп
Жылап жатқан
Кездерiң болды.
Әлi де өсек-жаладан
Өртенiп жатасың.
Қиянат-сұмдықтан
Жиырылып
Жиiркенiп жатасың.
Улы сөздер шаққанда
Алып денеңмен –
Шыдай алмастан! –
Аунап тұрасың.
Суық көздер баққанда –
Балапандай бүрiсiп! –
Алатаудың аңғарына тығылып
Жаурап тұрасың.
Көшелерiңде
Ұрпағымның төккен қанын –
Күректермен! –
Қырып кетiре алмады.
Борасындар сыпырып,
Нөсер-жаңбырлар
Айлап, апталап жауып
Жуып кетiре алмады...
Бойыңды тiктедiң.
Еңсеңдi көтердiң.
Ендi сенiң
Алып үйлерiңдi
Алып омартадай көрiп
Аюлар таптап кетпесiн.
Алатауыңды
Құмырсқаның илеуiндей көрiп
Құмырсқалар қаптап кетпесiн.
Абай бол!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалаңаш

  • 0
  • 0

Сөз жалаңаш, дәл қазiр,
жыр жалаңаш.
Құм жалаңаш,
сайың мен қыр жалаңаш.

Толық

Жауабын сізге қалдырдым

  • 0
  • 0

Бәріміз білеміз:
“Шеше көрген тон пішеді.
Әке көрген оқ жонады”,
Көсілген көсемді,

Толық

Өзгеріс

  • 0
  • 0

Не боп кеттi азып-тозып өңiрiм.
Не боп кеттi бұрқап, түтеп өмiрiм.
Iше-iше қасiрет пен құсаны
Уға толы ыдыс болды көңiлiм!

Толық

Қарап көріңіз