Өлең, жыр, ақындар

Махаббат

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 542
Сен дегенде –
Талай-талай адамдар –
Дүниеден баз кешiп
Безiп кеткен.
Ғұмырларын мансұқ етiп
Жаhанды
Кезiп кеткен.
Алдынан –
Тау өсiп шықса да! –
Жанталасып
Асып өткен.
Жолына –
Ақ қар, көк мұзды
Төсеп тастаса да
Басып өткен.
Құммен бiрге көшкен.
От дариясын кешкен.
Сен үшiн –
Екi елдiң
Iргесi сөгiлiп
Дауласқан.
Сен үшiн –
Мемлекеттер
Қылыш суырысып
Жауласқан.
Жолың – азап! –
Айналаң түн болған.
Сен үшiн –
Төлегендер өлiп,
Мәжнүн, Қарагөздер
Жынданған.
Сен егер –
Жақұт болсаң –
Қолға ұстауға болмайтын –
Қасиеттi жақұтсың.
Сен егер –
Бақыт болсаң –
Қасiреттi бақытсың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүгінгі қоғам портреті

  • 0
  • 0

Оңға жүрсең –
Әне бір алаяқтар
Шалып қап құлатады.
Солға жүрсең –

Толық

Көңіл күйі

  • 0
  • 0

Білмедім –
Сол кезде шабыт кеп пе еді?
Әйтеуір
Далаға шығып ем

Толық

Опыну

  • 0
  • 0

Өз тiлiн,
Өз дiнiн бiлмейтiн
Бiреулер –
Аспаннан түскендей! –

Толық

Қарап көріңіз