Өлең, жыр, ақындар

Дауылды күнгі теңіз

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 355
Аспандағы
Ай, Күндi өшiрердей,
Жердi көшiрердей
Алапат дауыл соқты.
Айнала
Дем жетпей тұншықты
Теңiздiң тереңiнен
Уiлдеп шулаған
Сұрапыл үн шықты.
Бiрiн бiрi жапырған,
Бiрiн бiрi батырған,
Демдерiнен суық соқтырып
Шуылдап аспанға атылған,
Гүрс етiп құлаған,
Қайтадан күркiреп
Басын көтерген,
Мың жазылған,
Мың жиырылған
Мың-миллион толқындар
Айдаhарлардай тулап жатты.
Теңiз үстi
Ақырзаман келгендей күңiренiп
Шулап жатты.
Долданған толқындар
Теңiздегi кемелердi
Астаудай көтерiп ап
Тұңғиыққа лақтырып жiбердi.
Болат құрсауларын
Жiп құрлы көрмей
Қақ тiлiп жiбердi.
Шынжырлармен байлаулы тұрған
Айлақтағы кемелер
Алып мақұлықтардай
Аласұрды.
Қақпақыл қып
Бiреуiн әрi асырды.
Бiреуiн берi асырды.
Бiреуiн бiреуiне соқты.
Кеме бiткен
Шынжырларын үзiп жiберердей
Бұлқынды.
Жын ұрғандай жұлқынды.
Өгiздей өкiрдi,
Атандай боздады.
(Дүниенi қозғады).
Аспаннан атылған
Қып-қызыл найзағайлар
Көк теңiзге сүңгiп жатты.
Айдаhар толқындар
Оларды
Шырпы құрлы көрмей
Қылғып жатты.
Ысылдап
Iсiнiп көтерiлiп
Көктегi бұлттарыңды
Түңлiктей ұшырып,
Киiздей қағып жiбердi.
Жартастарды
Кеудесiмен соғып
Жаңғақтай шағып жiбердi...
Теңiз бұрқырап долданып жатты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүлдер

  • 0
  • 0

Гүлдер!
Гүлдер!
аялап дала күткен.
Үзбе оларды!

Толық

2-ші топтағы мүгедек

  • 0
  • 0

Ол үшiн үлкен күш:
отыру жүрелеп,
кету де түрегеп.
Он тоғыз жастағы жап-жас қыз

Толық

Серік Ақсұңқарұлы

  • 0
  • 0

Сен,
Серік Ақсұңқарұлы,
Өлеңге —
Менен бұрын! —

Толық

Қарап көріңіз