Өлең, жыр, ақындар

Лас адам

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 294
Аузының ласын-ай!
Лас сөздерiне үндемей
Көпшiлiктiң шыдасын-ай!
Айнала мүңкiп кеттi.
Жүрегiм лобылып,
Кеудем кiлкiп кеттi.
Кiм болса да
Былапыт, былғанышын –
Аямай! –
Жағып жатыр.
Еден жуатын шүберектей
Лас сөздерге – шолпытып –
Малып жатыр.
Аппақ дегенiңдi
Жапаға құлатып
Сатпақ етедi.
Қатқақ дегенiңдi –
Қоймалжың! –
Батпақ етедi.
Бұл адам
Сасыған қан-жынды –
Одан сайын мүңкiтiп! –
Түртiп отырғандай.
Бет-аузын
Шуаш сiңген шұлғаумен
Сүртiп отырғандай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түркiстан

  • 0
  • 0

Төрт қақпалы Түркiстан!
Айдарым да өзiңсiң,
Айбарым да өзiңсiң!
Алынбайтын қамалдай,

Толық

Мұңдас

  • 0
  • 0

Өткен өкініштерім мен
Күйреген бекіністерімді
Ойыма түсіріп
Санам сарсылып,

Толық

Жыланмен арбасу

  • 0
  • 0

Түркістан аймағына
Әйгілі Әубәкір қари
Қаратаудың қойнауында
Сала құлаш

Толық

Қарап көріңіз