Өлең, жыр, ақындар

Қорқынышты түс

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 361
Қорқынышты түс көрдiм.
Тiршiлiк
Әлем-жәлем боп,
Терiс қарай
Айланып кетiптi.
Адам бiткен
Маймылға
Айналып кетiптi.
Бiр-бiрiнiң
Құйрығынан тартып,
Бiр-бiрiнiң
Үстiне шығып
Анталап тұр.
(Арттары –
Қып-қызыл помидордай –
Қанталап тұр).
Дүние –
Ақ та емес, көк те емес,
Күл түстес
Күлгiн секiлдi.
Көшелер – қап-қараңғы –
Үңгiр секiлдi.
Сол үңгiрде
Байғыздар –
Бажылдап жылап,
Жарқанаттар –
Қалбаңдап ұшып жатыр.
Қаңғыбас ит бiткен
Қан-жынымды
Жалмаңдап iшiп жатыр.
Ұзын-ұзын мұнаралар –
Мүңкiр-нәңкүрдiң
Шоқпары мен сүйменiндей.
Жасыл жерiмнен әр кетiп
Тiкен мен шөңгеге
Таланып тұр...
Табақтай Айдың бетiнен
Сора-сора боп
Қан ағып тұр...
Тiршiлiк бүк түсiп
Тұқшиып кеткен.
Машиналардың үстiне –
Құбыжық секiлдi! –
Жүн шығып кеткен...
Шошып ояндым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менiң ауа райым

  • 0
  • 0

Бұзылып тұр менiң ауа райым!
(Соны, бәлкiм, жөн көрдi ме құдайым)!
Бұлт астында қалды менiң күн, айым.
Жақсы болсын ендi соңы ылайым.

Толық

Менмен

  • 0
  • 0

Мен, мен деген дауысы
Дүниенi жаңғыртып
Алып барады.
Миымды – жаңғақтай! –

Толық

Жұғымды адам

  • 0
  • 0

Жұғымды адам, балдай тәттi жұғымды.
Тұла бойы түсiнiктi, ұғымды.
Сырлас жандай – ашпасаң да сырыңды.
Мұңдас жандай – айтпасаң да мұңыңды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар