Өлең, жыр, ақындар

Көрдім!

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 363
Әлi бодан кезiмде –
Менiң жерiме –
Ғылыми-техникалық революция
Басып кiрдi.
Жасылымды айтақыр етiп,
Құмымды күлдей бұрқыратып
Шашып кiрдi.
Бiздi көзiне де iлмей
Қойдың құмалағындай көрмей
Одыраңдап
Асып-тасып кiрдi.
Еппен кiрмей
Өртпен кiрдi.
Дертпен кiрдi.
Халқымды шетке
Ысырып тастап
Эшалон-эшалон болып
Қаптады.
Намысыма тидi,
Арымды таптады.
Өрiп кеткен қара темiрлер
Алып құбыжықтардың
Қаңқалары құсап
Арбаңдап жүрдi.
Келiмсек бәлелер
Жерiмнiң қойын-қонышын
Түгел тiнтiп
Жалмаңдап жүрдi.
Сол оңбағандардың
Маңқиған түйелерiмдi
Маңдайынан
Атқанын көрдiм ;
Аруларымның
Абыройын шашып
Жатқанын көрдiм.
Алтын iздеп
Молаларымды
Ашқанын көрдiм;
Әулие-әмбилерiмнiң
Сүйектерiн
Шашқанын көрдiм.
Шыдай алмастан
Елiм көтерiлген кезде –
Iнiне су кiрген суырдай боп! –
Сол сiлiмтiктердiң
Қашқанын көрдiм.
Көрдiм!
(Ақын Жаңа Өзен оқиғасын айтып отыр).



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Металл жыры

  • 0
  • 0

Мен металмын,
металмын.
қолданба менi
бет алды.

Толық

Аспандағы аласапыран

  • 0
  • 0

Бәрі тыныш болатын
Аспандағы
Ақ боз атпен
Көк боз ат —

Толық

Бекет ата басында

  • 0
  • 0

Астасатын Үстірттің қиырымен,
Басталатын алып ой бүйірінен.
Бекет Ата басында арқар деген
Үйірімен жүреді, үйірімен.

Толық

Қарап көріңіз