Өлең, жыр, ақындар

Мінез

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 474
«Түнде ұйықтамаған,
Күндiз отырмаған,
Қызыл қанын төккен,
Қара терiн жүгiрткен»
Қайран бабаларым-ай!
Қара нарларым-ай!
Сүйсе де –
Ботасын сүйген түйедей –
Тарпа бассалып,
Қарпып сүйетiн;
Қас дұшпанның –
Шауып бара жатып –
Кiреукесiн
Тартып киетiн;
Болаттан
Жарақ асынып,
Темiрден
Құрсау киген жауынды
Қамырдай илеп тастайтын;–
Көкiрегiн аяққаптай керiп
Асқақтап келген дұшпанды
Ұзынынан сұлатып
Ағаштай сүйреп тастайтын;
Құланның етiн
Бұзбай асатын;
Көк сүңгi мұздарды
Қаршылдатып шайнап
Шөлiн басатын;
Сiлтеген қылышы
Қылтадан қиып,
Атқан жебесi
Тар қолтықтан қадалған;
Демалса да –
Дұшпанын аттың үстiнен
Тулақтай жұлып ап
Астына басып отырып
Демалған, –
Қайран бабаларым-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қорқыныш

  • 0
  • 0

Өткiзбейтiн жал-құмға
Қалған-сынды тiрелiп, –
Отыр адам алдымда
Үндемейтiн түнерiп.

Толық

Тирде

  • 0
  • 0

«Ондыққа»
Қара шегедей
Қадаймыз деп оқтарды
Жұрттарды басқа елемей

Толық

Бүгінгі көрініс

  • 0
  • 0

Қазақстанның денесiн
Қаптаған сөздер
Талап жатыр.
Таланған жерлерi

Толық

Қарап көріңіз