Өлең, жыр, ақындар

Опасызға

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 250
Тiлiмдi қырқып,
Дiнiмдi құртып
Жоқ еткiң келедi.
Өзiңдi
Өз ұлтыңа атылатын
Оқ еткiң келедi.
Сенiң сөзiңдi естiп
Су тиген кесектей езiлдiм.
Қаныңа қан,
Жаныңа жан берген,
Омырауын емiзген
Ұлтыңнан неге безiндiң?!
Опасыз!
Опасыз –
Қашан да Отансыз.
Жартасты
Итерiп құлатып
Мен сенi
Бастырып тастағым келедi.
Немесе қатырып
Тас қылып тастағым келедi.
Күл-қоқысты
Сенiң басыңа
Үйгiм келедi.
Көлдердi алып қазандардай
Сақылдатып қайнатып
Төбеңе
Құйғым келедi.
Емен, бәйтеректер –
Астына бүктеп! –
Адырайған тамырларымен
Сүйегiңдi күтiрлетiп сындырып
Қысса екен деймiн!
Сенi
Самұрық құстар –
Қара құсыңнан бүрiп! –
Алып ұшса екен деймiн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Суық дүние

  • 0
  • 0

Сұп-суықсың,
дүние,
ызғарлысың!
қатулысың,

Толық

Концерттен соң

  • 0
  • 0

Концерт бiттi,
Бiреу гүлiн ұмсынып.
бiреу қолын соғып жатты құлшынып...
Алып сарай кеттi кенет теңселiп

Толық

Қыстың соңғы күнінде жазылған өлең

  • 0
  • 0

Ертең көктем —
көз алдымда нұр аппақ,
көктем неткен қуатты-ақ.
«Көктем» деген сөзден түскен сәулеге

Толық

Қарап көріңіз