Өлең, жыр, ақындар

Түс

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 297
Мен бүгiн түсiмде
Күлтегiндi көрдiм:
Алтай таудың басынан
Бұлттарға оранып
Түсiп келе жатты;
Сол бұлттардың суын
Сiмiрiп
Iшiп келе жатты.
Оң қолындағы найзағайымен
Айналасын
Тiлiп-тiлiп жiбердi;
Сол қолымен
Қара тастарды —
Кепкен тезектей етiп! —
Үгiп-үгiп жiбердi.
Алдында жортқан—
Күмiс жалды,
Азу тiсi пышақтай
Арланы бар екен...
(Арланы бар жанның,
Құдай-ау,
Қандай арманы бар екен)...
Жанымнан
Өтiп бара жатты,
Қайырылмай
Кетiп бара жатты.
Күлтегiн! – дедiм, –
Күлтегiн! —
Арланыңды маған
Тастап кет,
Тастап кет,
Тастап кет, — дедiм;
Ертеңiме ап барар
Соқпақ-сүрлеуге
Бастап кет,
Бастап кет,
Бастап кет, – дедiм…
Күлтегiн де
Қайырылып қарады.
Арлан да
Қайырылып қарады...
(Жан-жүрегiм –
Не болар екен деп! —
Дегбiрiнен
Айырылып барады)...
... Әттең-ай,
Оянып кеттiм.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Батырлыққа тілек

  • 0
  • 0

Өлсең де – өзiңдi емес! –
Елiңдi ойлап
Күйiктен өлсең ғой.
Өлiп бара жатып та

Толық

Новелла

  • 0
  • 0

Сәулелер мен
Нұр сіңірген
Кешіп күнді,
Үйдің іргесінде

Толық

Пейзаж

  • 0
  • 0

Ұлы Алатаудың –
Ұлы керуендей! –
Ауқым-ауқым бұлттарды
Үстiне

Толық

Қарап көріңіз