Өлең, жыр, ақындар

Пейзаж

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 415
Ұлы Алатаудың –
Ұлы керуендей! –
Ауқым-ауқым бұлттарды
Үстiне
Теңдеп алғанын қарашы.
Сұқ көз бен
Сұм сөз сұқтанатындай
Сәндеп алғанын қарашы.
Тiпә-тiпә!
Ендi, мiне,
Жалаңдаған дойыр найзағайлар
Оның сауырынан
Тартып-тартып жiберердей.
Сол кезде Алатау
Шудалары желкiлдеп
Бұлт-теңдерiн артып ап
Қиыр алыстарға
Тартып жөнелердей.
Не iстесем екен?
Осы бiр көрiнiске
Телмiрiп қадалып
Тұрған орнымда
Таңқалып қалсам ба екен?!
Жоқ әлде –
Керуендерге қапталдан тиетiн,
Көшпелiлер ұрпағымын ғой! –
Дөңкиген бiр бұлтты
Алатаудың үстiнен –
Домалатып! –
Аударып алсам ба екен?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүниенi дүрлiктiрiп жұлқылап

  • 0
  • 0

Дүниенi дүрлiктiрiп жұлқылап,
Қара дауыл соқты дейсiң бұрқырап,
Ұшырардай екпiнiмен тасты да.
Соқты дауыл

Толық

Опасыз жанға

  • 0
  • 0

Мен сенi өзгелерден
Тосын дейтiн едiм.
Асыл дейтiн едiм.
Сөйтсем,

Толық

Көне құлпытастағы сурет

  • 0
  • 0

Үстірттегі
Сисем ата қорымында
Шеттеу тұрған
Құлпытастың бетіне

Толық

Қарап көріңіз