Өлең, жыр, ақындар

Опасыз жанға

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 473
Мен сенi өзгелерден
Тосын дейтiн едiм.
Асыл дейтiн едiм.
Сөйтсем,
Түк те емес екенсiң ғой;
Не үтiр,
Не нүкте емес екенсiң ғой.
Қабатын
Ит те емес екенсiң;
Қаныма қанатын
Бит те емес екенсiң.
Бiзге кекiрейгенмен
Өзгелерге үнiң шықпайтын
Ынжық екенсiң ғой;
Қоқысқа
Кететiн
Жүн-жұрқа мен
Қылшық екенсiң ғой.
Бiр кезде саған сенгенiмiзге
Сенгiм келмейдi.
Тәйт, пәлекет! –
Бетiңдi көргiм келмейдi.
Бетiңе қарасам
Өзiмдi жерге
Тiрiдей көметiндеймiн, –
Өйткенi бетiңдi емес
Кәрi сиырдың
Сатал-сатал
Сарпайын көретiндеймiн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айлы түнгі ақ қайыңдар

  • 0
  • 0

Думан көктем,
базар көктем,
той көктем!
Шарайнадай жарқырайды ай көктен.

Толық

Колбиннің кезінде

  • 0
  • 0

Брежнев алаңында
Ұл-қыздарымды
Қанжоса қып
Жығып салғаннан кейiн;

Толық

Қорқыныш

  • 0
  • 0

Жаным жасып,
Көңiлiм қобалжып қалған.
Не нәрседен де
Жасқанатындай.

Толық

Қарап көріңіз