Өлең, жыр, ақындар

Колбиннің кезінде

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 378
Брежнев алаңында
Ұл-қыздарымды
Қанжоса қып
Жығып салғаннан кейiн;
Қолдарына бұғау,
Мойындарына
Құрық салғаннан кейiн –
Әне бiр ақ бас
Бақа құсап тарбаңдап
Колбинмен
Жылап көрiскен.
Әне бiр қақбас
Қоңыз құсап тоңқаңдап
Колбиннiң аяғына жығылып
Құлап көрiскен.
Бiр-бiрiнiң үстiнен
Қаптап, қанарлап
Өсек тасыған, –
Бiрi шықса,
Екiншiсi кiрiп –
Толассыз! –
Кезек тасыған.
Естi еркек деп жүргенiмiз
Ебелек құсап
Елпең қаққан.
Тектi тентек деп жүргенiмiз
Тексiз боп шығып
Шелтең қаққан.
Бiреулерi
Күйiктен
Iшiп кеткен.
Бiреулерi
Кәрi төбеттей
Арпылдап үрiп
Iсiп-кепкен.
Бiреуi
Аузынан жын шашқан
Лаңға айналған.
Бiреуi
Ұрты уға толы
Жыланға айналған.
Айтатынын
Қақыратып айтқан
Азаматтарым да болған.
Ауыздығын
Қарш-қарш шайнап
Жер тарпыған
Қазанаттарым да болған.
Болған!
Бәрi де болған –
Колбиннiң кезiнде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер-Ана мен Аспан-Атаға өтініш

  • 0
  • 0

О, Жер-Ана,
Мына бір адам
Жер үстіне
Сыймай бара жатыр ғой.

Толық

Қоян жылы жазылған өлең

  • 0
  • 0

Төгiлiп тұр жыр болып
Сергек қоян, сақ қоян...
Келiп кiрдi жыл болып
аппақ қоян, ақ қоян.

Толық

Жырау

  • 0
  • 0

Түсiнбес оны тыңдап,
қарамаған!
Сездермен өткен күндi аралаған
от бүркiп,

Толық

Қарап көріңіз