Өлең, жыр, ақындар

Жер-Ана мен Аспан-Атаға өтініш

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 364
О, Жер-Ана,
Мына бір адам
Жер үстіне
Сыймай бара жатыр ғой.
Түйіліп, түнермейсің бе?!
Теңіздеріңнің
Толқынымен соғып,
Тауларыңның
Тастарымен атып
Жоқ қылып жібермейсің бе?!
О, Аспан- Ата,
Мына бір адам
Аспан астына
Сыймай бара жатыр ғой.
Бір “бүлікті” бастамайсың ба?!
Қара бұлттардың
Ішінде ойнап,
Жарқылдап жатқан
Қып-қызыл найзағайлармен —
Қақ айырып! –
Жарып тастамайсың ба?
Осындай карекет
Керек деп
Сендерден
Күн-түні сұрайтын —
Өтініш иесі:
Темірхан Медетбек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана құдіреті

  • 0
  • 0

Бүгiнiме жеткен өтiп кешеден, –
(Ол бар кезде еңсе тiктеп өседi ел!)
Келе жатты айдай толған бiр Ана
Жалғыз өзi қызылiңiр көшемен.

Толық

Өртеніп жатқан дала

  • 0
  • 0

Қалғандай бейне тоналып,
жүрегiм менiң жаралы –
Көрдiм мен отқа оранып
өртенiп жатқан даланы.

Толық

Ақиқатты соттау

  • 0
  • 0

Сүттей аппақ,
Сәуледей нұрлы Ақиқат
Қамауға түсті.
... Сол кезде

Толық

Қарап көріңіз