Өлең, жыр, ақындар

Өртеніп жатқан дала

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 381
Қалғандай бейне тоналып,
жүрегiм менiң жаралы –
Көрдiм мен отқа оранып
өртенiп жатқан даланы.
Көрiп мен оны зар қаққам,
әуенге салып сарнаған...
Лапылдап жанып жан-жақтан
өртенiп жатты сар далам.
Қалайша тұрам жыламай?!
Қонамын қалай,
ұша алам?!
Кең далам менiң шыдамай
өртендi ме екен құсадан?!
Бiрiне-бiрi түйiлiп,
ұрпағын көрiп алысқан, –
кең дала сонда күйiнiп
өртендi ме екен намыстан?
Даланың мұңы, зары боп
жырларым менiң жылады-ау –
Жандарды көрiп қаны жоқ
өртенiп кеткен шығар-ау!
Қалғандай бейне тоналып
жүрегiм менiң жаралы –
көрдiм мен отқа оранып
өртенiп жатқан даланы.
Шыдамас темiр төзiм де!
Қайғырып мұңға батасың,
сол өрттi көрiп
өзiң де
өртенiп бара жатасың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Музыкалық аспаптар

  • 0
  • 0

Музыкалық аспаптар!
Көшеде, үйде, бар жерде
сөйлеңдер шалқып, асқақтап,
музыкалық аспаптар!

Толық

Депрессия

  • 0
  • 0

Бiлiп өмiр жалғанын
өз-өзiнен ашынып, –
Үмiт пенен арманым
Өлiп жатты асылып.

Толық

Мақтаншақ

  • 0
  • 0

Дәйегi жоқ дәлел айтып қаптаған
мысығын да,
күшiгiн де мақтаған,
дүниенiң кiндiгi боп бiр өзi

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар