Өлең, жыр, ақындар

Ана құдіреті

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 441
Бүгiнiме жеткен өтiп кешеден, –
(Ол бар кезде еңсе тiктеп өседi ел!)
Келе жатты айдай толған бiр Ана
Жалғыз өзi қызылiңiр көшемен.
Жүрек-байғұс ысиды ма, тоңа ма?.. –
(Осындай бiр жұмбақ сәт те болады ә!)
Айналасын бозғылт мұнар көмкерген
Қалқып басып келе жатты сол Ана.
Келе жатты Ана деген Ұлы Адам.
Шам сияқты құйылады нұр одан.
Ол қасынан өткен кезде
Бұрышта
Есiн жиды жылап тұрған бiр адам.
Жеткiзе алмас ол суреттi абызың.
Айту оны бiрақ сенiң парызың, –
Ол жақындап келген кезде
Селт етiп
Ашып алды гүлдер бiткен қауызын.
Жүрген жан ем өшiп талай, сан жанып
Тұрмын, мiне, таң қалып та, дағдарып:
Сипады Ана қолыменен бiр тасты,
Шөптер өстi сол тасыңды қақ жарып.
Жақындаса ол – жолын тапты адасқан.
Жақындаса ол – кiлт тоқтады таластар.
Сол бiр Ана өткен кезде қасынан
Бойын жазды ауру, дiмкәс ағаштар.
Көрiп оны тебiрендiм, толғандым!
Ол жақындап келген кезде –
Таң қалдым! –
Жер астынан өсiп шықты шуылдап
Аппақ күмiс шыбықтары фонтанның!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлы мәртебелі өтірік

  • 0
  • 0

Дәл қазір
Жоғарыда жүргендер де,
Төменде жүргендер де
Газет беттерінен,

Толық

Ана тілім

  • 0
  • 0

Жатар қанды аралап
құдiрет бар үнiнде, –
ұлы тiлдер сияқты
қуатқа ие ғаламат

Толық

Қуат жыры

  • 0
  • 0

Еңкiп-еңкiп соққанда
Таудың денесiнен
Тастар бұршақ боп құйылды.
Серпiп-серпiп соққанда

Толық

Қарап көріңіз