Өлең, жыр, ақындар

Қарлығаш құс

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 584
Қарлығашым-ау,
Құстардың iшiндегi
Құйтақандай
Қанатты қарындасым-ау.
Ауада жалт-жұлт етiп,
Мың құбылып ұшып,
Көзге көрiнбейтiн жiптердi
Бiрде байлап,
Бiрде шешiп жүргендейсiң;
Қанатты қайшы құсап
Көзге көрiнбейтiн маталарды
Бiрде пiшiп
Бiрде кесiп жүргендейсiң...
Қанатыңның сусылы
Менiң көңiлiмнiң
Желпiнiп, елiккенiндей...
Ұяңа қаланып жатқан
Саз-балшықтың әр түйiрi
Өлеңнiң әрiптерiндей...
Бiр тынбайтын,
Қарлығашым-ау,
Құстардың iшiндегi,
Құйтақандай
Қанатты қарындасым-ау!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дау

  • 0
  • 0

Менiң елiме
Қызыл көз,
Қызыл кеңiрдектi
Даулар кiрген.

Толық

Картаға түспеген өзендер

  • 0
  • 0

Жоқ олар әлемдiк картада.
Шықпаған атағы асқақтап,
сыймаған тарылған масштабқа;
құмайттан, шөлейттен қашқақтап,

Толық

Егеуқұйрықтар

  • 0
  • 0

Қорек iздеп барған талай айлаға,
Қорек iздеп түскен ойға, сайға да, –
Бiр топ обыр егеуқұйрық ақыры
Тап болды ғой iшi толы қоймаға.

Толық

Қарап көріңіз