Өлең, жыр, ақындар

Өтірік айтылған күні

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 153
Мына өтiрiктен –
Қазақстан қалаларының
Бүкiл көшелерiндегi
Бағдаршамдардың
Қызыл,
Сары,
Жасыл көздерi
Ағып түстi.
(Сол бiр өтiрiк
Жұрттың жан-жүрегiн
Аяздай қарып түстi).
Бұрылыстар мен қиылыстар
Күрмеп байланған
Жiптей боп қалды.
Машиналар –
Ханталапай кезiндегi
Үйме-жүйме асықтардай –
Шiк пенен бүктей боп қалды.
Айқай-шу.
Боқтық.
Газ иiсi.
Боздаған машина...
(Өркениет деген осы ма?!)
... Қазақстан қалаларындағы
Бағдаршамдар
Қайтадан жанар ма екен?!
Заманның
Бұрылыстары мен қиылыстарына
Алаң боп –
Қызыл,
Сары,
Жасыл көздерiмен –
Қайтадан! –
Қарар ма екен?!
Бiлмедiм!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алданған үміт

  • 0
  • 0

Ертеңгі күнге
Мойынын соза-соза
Бүкіл елім
Мұңға бөкті.

Толық

Панасыз үміт

  • 0
  • 0

Кiмдер қалай десе де
сiз де күйiп,
жанасыз.
...Дәл бүгiн мен көшеде

Толық

Мың тоғыз жүз отыз екі

  • 0
  • 0

Дүниеден, тiршiлiктен түңiлген
аштық әбден дiңкелеткен, бүгiлген –
көрем ылғи, көрем ылғи, көремiн
сол бiр сұмдық қасiреттiң жылын мен.

Толық

Қарап көріңіз