Өлең, жыр, ақындар

Торығу

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 190
Өлiп тұрамын,
Өлiп жатамын.
Елес сияқты
Өлiк-сұлбамын.
Арқырап-сарқырап жататын
Өзен ем,
Ендi бүгiн
Жылап ағатын жылғамын.
Жолдарым қырық жерден
Кесiлiп қалған.
Кеудем –
Ұн елейтiн електей!–
Шұрқ-шұрқ боп
Тесiлiп қалған.
Шұрқ-шұрқ денемнен
Қан ағып тұр.
(Бiреулер
Денесiнен қан ағып тұрса да
Жан бағып тұр).
Өзге емес
Өзiмдi өзiм
Жер қылып жатырмын.
Өзiмдi өзiм көмiп,
Өзiмдi өзiм
Өлтiрiп жатырмын.
Мен қазiр –
Айналамнан
Өрiп шыққан –
Өзiм сияқты
Көп өлiк көрем...
Заманның түрiнен қорқып
Өз кебiнiмдi өзiм тiгiп,
Өз табытымды өзiм
Көтерiп келем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалған арман

  • 0
  • 0

Шiркiн-ай!
Парықсызды –
Құлақшекесiнен! –
Құлаштап тұрып ұрсам.

Толық

Өткен күнге экспромт

  • 0
  • 0

Қайық деп мiнгенiм
Табыт болды.
Гүлтәж деп кигенiм
Қамыт болды.

Толық

Қуыршақ – тағдыр

  • 0
  • 0

Қуыршақпыз, бәрiмiз қуыршақпыз!
(Соны ескермей кететiн ұмытшақпыз).
Қуыршақпыз, бәрiмiз қуыршақпыз.
Қазiр бiздiң басымыз айналып тұр:

Толық

Қарап көріңіз