Өлең, жыр, ақындар

Өлеңіммен кездесу

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 197
Көшемен келе жатып
Бiр бұрышта
Өзiмнiң Өлеңiмдi көрдiм.
Жүзi өрт жалағандай
Қабарып кетiптi.
Көздерi түрмеден шыққандай
Аларып кетiптi.
Ендi бiр қозғалса –
Жүрегiмнiң қаны сiңген! –
Әрiптерi төгiлiп кетердей.
Буын-бунақтары
Тiгiстерiнен қақырап
Сөгiлiп кетердей.
Өлеңiм-ау, саған не болды?!
Ел туралы жыр едiң ғой,
Жер туралы жыр едiң ғой,
Сол ел мен жердiң
Қамын ойлап жылаған
Шер туралы жыр едiң ғой.
Саған не болды?
Жақындап ем
Өн бойы ширыққан
Назаға толып тұр екен.
Өн бойы булыққан
Азаға толып тұр екен.
Менi танымады.
Кенет тұла бойын
Сорғалап төгiлген
Қан басып кеттi.
Айналасында үйiрiлген
Құм мен күл,
От пен су,
Құйын мен найзағай
Бiр-бiрiмен арпалысып,
Арбасып кеттi.
Мынадай
Дүлей дүниеден
Өлеңiмдi құтқарғым кеп
Ұмтылдым.
Дариядағы
Сеңдей сөгiлiп,
Зiлзала кезiндегi
Жердей жыртылдым...
Құтқара алмадым.
Үйiрiлiп құтырған
Бiр құйын кеп
Өзiмдi ұшырып
Алып кеттi.
Бiр бұлт кеп
Найзағайымен
Менi қақ айырып
Жарып кеттi.
Көшеде жайрап жаттым...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеңшiлiк Мырзабеков

  • 0
  • 0

Кеңшiлiк!
Сен бәрiмiзден басқа,
Бәрiмiзден бөлек едiң.
Ерек едiң!

Толық

Түрмеде дүниеге келген нәресте

  • 0
  • 0

Тебіреніп кетсең
Тастарыңды допша домалататын,
Асқар таулар,
Сендер де үндеме,

Толық

Өтініш

  • 0
  • 0

Қозғама менi, қарағым!
Менi қозғасаң
Мұз сөгiлiп
Сең қозғалады.

Толық

Қарап көріңіз