Өлең, жыр, ақындар

Этюд

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 326
Ақ ұлпа қар жауған күнi
Торғай боп ұшып жүрген
Өлең көрдiм.
(Өлең iздеп шыққам.
Iздемесем –
Көрер ме едiм?)
Жақындап ем, –
Торғайым, –
Ақ көбiк қарға сүңгiп
Үлпiлдеген гүлге айналды.
Қолымды созып ем –
Гүлiм
Күмiстей мұзға айналды...
Мұзым –
Бу боп ұшып
Мұңға айналды.
Мұң аралас бу жұттым.
Сонан кейiн ол –
Ысытып тоңдырған! –
Жырға айналды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алданған үміт

  • 0
  • 0

Ертеңгі күнге
Мойынын соза-соза
Бүкіл елім
Мұңға бөкті.

Толық

Бекет ата басында

  • 0
  • 0

Астасатын Үстірттің қиырымен,
Басталатын алып ой бүйірінен.
Бекет Ата басында арқар деген
Үйірімен жүреді, үйірімен.

Толық

Кеңшiлiк Мырзабеков

  • 0
  • 0

Кеңшiлiк!
Сен бәрiмiзден басқа,
Бәрiмiзден бөлек едiң.
Ерек едiң!

Толық

Қарап көріңіз