Өлең, жыр, ақындар

Интернационалдық көкпар

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 349
Қазiр
Алып Қазақстанды
Көкпар қып
Бiрi әрi тартып жатыр,
Бiрi берi тартып жатыр,
Ендi бiрi – мүлде! –
Керi тартып жатыр.
Мұхиттың
Арғы жағында тұрып та
Тартып жатыр,
Бергi жағында тұрып та
Тартып жатыр.
Тартып жатыр!
Бiрi сирағынан,
Бiрi қара санынан,
Бiрi мойнынан,
Бiрi бұтынан
Жармасуын-ай.
Бiрiнен бiрi
Айлаларын асыра алмай
Арбасуын-ай.
Құдай-ау,
Азап па бұл,
Мазақ па бұл:
Қарашы,
Сол көкпардың iшiнде
Еврей де,
Орыс та,
Кәрiс те,
Қытай да,
Ұйғыр да,
Шет жағында
Жабысын қамшылап
Қазақ та жүр.
Интерноционалдық көкпар бұл!
Билiктегiлер
Өзге тiлде айқайлап
(Әрине, қазақша емес)
Бiреулерге дем берiп қояды.
Сонысымен
Оларды –
Одан сайын желпiндiрiп! –
Жел берiп қояды.
(Сол сөздер менiң жаныма
Шер болып қонады).
Дәл қазiр менi
Жан-жағымнан қысып
Қауiп пен қатер
Қамап тұр.
Қайран Қазақстан
Кiмнiң тақымында кетер екен деп
Қалың қазақ
Интерноционалдық көкпарға
Қан жылап
Қарап тұр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақша

  • 0
  • 0

Ақша!
Ақша!
Ақшаң болса – алшаңда!
Ақша болмай ел түсiп тұр сарсаңға.

Толық

Өттi күн, өттi күн...

  • 0
  • 0

Өттi күн, өттi күн...
Өзен боп сарқырап,
нұр болып жарқырап,
болашақ iстердi

Толық

Ұры заман

  • 0
  • 0

Жақсылыққа,
жарыққа жылымаған,
ниетi нас,
сөзi нас,

Толық

Қарап көріңіз