Өлең, жыр, ақындар

Тектілік

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 500
Зейнолла Қабдоловтың рухына

Зейнолла аға!
Бергенi аз,
Алғаны көп
Әлдекiмдердей
Күпсiнiп, iсiнбедiң.
Неткен тектiлiк! –
Шаңы
Аспанға шығып жатқан
Мына өмiрде,
Сөзiңе де бiр тозаң түсiрмедiң.
Бипаз жүрдiң,
Бипаз күлдiң!
Дүлей бетпақтық пен
Долы дөрекiлiктi көргенде
Үнсiз түнеретiнсiң.
Ал сөйлеп кеткенде
Қара тастарды
Қамырдай илеп,
Қара темiрлердi –
Судай ағызып! –
Балқытып жiберетiнсiң.
Ет-жүрегiң
Езiлiп кеткенде
Елiңдi сүйдiң.
Елiңнiң
Шетсiз-шексiз жерiн сүйдiң.
Жерiңнiң көлiн сүйдiң,
Желiн сүйдiң,
Белiн сүйдiң!
Жаман жердi баспайтын
Тектi арғымақтай
Әдемi өмiр сүрдiң.
Жаман көлге қонбайтын
Тектi аққудай
Сұлу өмiр сүрдiң!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тозған үй

  • 0
  • 0

Тозған үй бұл, тозған үй бұл, тозған үй,
күнi бiтiп уақыттан озған үй.
Сөнiп кетпей,
өлiп кетпей сонда да

Толық

Қарауыл төбе басындағы ой

  • 0
  • 0

Ақ шаң болып жота, қырым, белеңiм,
дауыл соғып,
лайланып тереңiм,
қауiп-қатер төнген кезде далама

Толық

Ауылдағы жесір ана

  • 0
  • 0

Төзген талай қиындыққа, ауырға,
Төзген талай боран менен дауылға, –
Отыр ана ошақ басын күзетiп,
Қалған жалғыз қиыр, алыс ауылда.

Толық

Қарап көріңіз