Өлең, жыр, ақындар

Сатқынға

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 209
Еліңнің рухын саттың —
Өмірдің ұрығын саттың.
Дініңді саттың,
Тіліңді саттың,
Саттың!
Лас пен балшыққа
Белшеңнен баттың.
Дәл қазір
Сенің атың аталса,
Кім-кімнің де
Көк ала түтінге
Іші тұнады.
Дәл қазір
Сенің атың аталса,
Ашулы сөздерден
Оқ- дәрілердің
Иісі щығады!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыдаған қанша сан мұңға

  • 0
  • 0

Шыдаған қанша сан мұңға,
томсарып үнсiз түйiлген,
глобус тұр алдымда
монтиған киiз үйiмдей.

Толық

Жағымпаздың екі монологы

  • 0
  • 0

Сіз кетпеңіз!
Сіз кетсеңіз—
Мына дүние
Қақ жарылады ғой.

Толық

Сөйлей алмай, жаншылып зiл батпанға

  • 0
  • 0

Сөйлей алмай, жаншылып зiл батпанға
ақтарылмай кеудеде сыр жатқанда:
еңсенi езiп тұнжырап ертелi-кеш
күзгi түндей ап-ауыр мұң батқанда;

Толық

Қарап көріңіз