Өлең, жыр, ақындар

Залым

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 366
Мына бір жігіттің —
Қулығына ғана емес,
Залымдығына да! —
Құрық бойламайды.
Сол құрыққа
Сырық жалғасаң
Ол да бойламайды.
Жасаған қиянатын —
Ешуақта! —
Қиянат деп ойламайды.
Қырық қулығы,
Алпыс айласы,
Сексен сұмдығы бар.
Аспан асты,
Жер үстінде
Жұрт білмейтін
Құпия аралдары мен
Құпия құрлығы бар...
Жақындасаң! —
Зып етіп ішіңе кіріп
Істіктерімен
Жаныңды піседі.
Сөйтіп
Қаныңды ішеді.
Әп-сәтте
Тамырларыңның суалып
Тартылып кепкенін
Білмей қаласың.
Сонан соң
Тастап кеткен шоғынан
Иесіз
Үйдей жанасың!
Оп-оңай
Жаныңды бүлдіріп
Апыр-топыр етеді.
Бетіңе күліп тұрып
Көзіңді шұқып
Соқыр етеді.
Енді бір кездессең —
Білдірмей-ақ
Етіңді сылып
Теріңді тірідей сыпырады
(Сол кезде ол —
Масаттанып! —
Желді күнгі
Құйындай құтырады).
Мойныңды ырғайдай
Битіңді торғайдай етіп
Өзіңді мүлде
Мініп жүретін
Түйе қып алады.
…Ақырында сенің —
Саудыраған! —
Сүйегің ғана қалады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Заңғарға

  • 0
  • 0

Ойыңнан қажып, бiрде түңiлесiң,
ал бiрде белдi буып түрiнесiң... –
Бейнемдi түсiрем деп қағазыңа
жүзiме қайта-қайта үңiлесiң.

Толық

Түсініксіз хал

  • 0
  • 0

Мен қазір
Не анда жоқ
Не мұнда жоқ
Әрі-сәрімін.

Толық

Шаршау

  • 0
  • 0

Мен қазiр
Әлдекiмдермен күресе-күресе –
Таудың басына
Тас арқалап шыққандай –

Толық

Қарап көріңіз