Өлең, жыр, ақындар

Шүкір!

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 212
Аяғымның астында —
Алып жер.
Кеудемде — теңіз.
Ал басымда —
Будақ- будақ бұлт тұр.
... Сонан соң
Ақырын барып
Маңқиып жатқан
Алатауды сүйдім.
(Ежелден белгілі
Ғұрып бұл.)
Ымырт үйірілді.
Аспан әлемі
Оң жағыма
Айды ілуде.
Аққан жұлдыздар
Мені тесіп өтіп
Құрдымға сіңуде.
Аспанның
Алыс түкпірінен
Бетімді шарпыған
Жалын есті...
Табанымнан
Жерге тараған
Тамыр өсті.
Таң атты.
Айнала тып-тыныш.
Үнсіздіктің өзін
Керемет үнге баладым.
Сонан соң
Басыма киілген
Будақ- будақ бұлтты
Желкеме қарай
Сәл ысырып
Күнге қарадым.
Шүкір!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сақта өзiңдi, сақта сен!

  • 0
  • 0

Сақта өзiңдi, сақта сен!
Жасыңды төгер жер iздеп,
берiлме мұңға, берiлме.
Тұратын күтiп сенi iздеп

Толық

Бөтен адам

  • 0
  • 0

Мынау адам –
бөтен адам, басқа адам.
Ел мен жерден өзiн бөлiп тастаған.
Бiр адамға ойын, сырын ашпаған

Толық

Қулық

  • 0
  • 0

Тiлi — түбiт —
сұғатұғын бiзi жоқ,
өрттей ыстық,
қаритұғын мұзы жоқ,

Толық

Қарап көріңіз