Өлең, жыр, ақындар

Өлі тыныштық

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 389
Өлі тыныштық.
Ес-түссіз тіршілік
Осы жерде ұйысып,
Бөгіп қалғандай...
Сыбдыр еткен шөп,
Сыбыр еткен жел де жоқ.
Басқаны былай қойғанда
Уақыттың өзі де
Өліп қалғандай.
Өлі тыныштық дегенің
Адамның жанын —
Пышақсыз-ақ! —
Ірейді екен ғой:
Мына дүние
Демін шығармай
Үндемей қалса да
Үрейлі екен ғой...
Селдір жапырақтар
Тозған жамаудай —
Қимылсыз! —
Жалбырап тұр...
Мұнара басындағы
Бұзылған сағаттың
Ұзын-ұзын тілдері
Өлі тыныштыққа
Шыдай алмастан
Асылып өлгендей
Салбырап тұр.
Осы бір
Өлі тыныштық
Сүйегімді шағып
Езердей етімді...
Аспандағы айдың өзі
Цифрлары оңып,
Тілдері түсіп қалған
Тозған сағаттың
Беті секілді...
Өлі тыныштық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кісен

  • 0
  • 0

Көрсем оны бiр орнымда тұра алмай,
кетемiн ғой қазiр ендi сынардай...
Музейде ендi жатыр кiсен шынжырлы
екi басты шұбатылған жыландай.

Толық

Волейбол

  • 0
  • 0

Төзiмдi қамап қамалға
өзiңе ендi абай бол!
Алақандай алаңда
қызады келiп волейбол.

Толық

Бекболат Тілеуханов

  • 0
  • 0

Қарға бойлы Бекболат!
Түйдек-түйдек құйылған
Екпiнiңе жете алмас
Ұшқан құс пен шапқан ат, –

Толық

Қарап көріңіз