Өлең, жыр, ақындар

Апаларым Дәмеш пен Ұлпашқа

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 366
Біріңді бірің
Жетелегендей болып,
Біріңнен соң бірің
Кетіп қалғандарың-ай!
Қай бір күнде де
Қай бір кезде де
Мені іздеп
Мені күтіп
Өзегі талғандарым-ай!
Енді сендер жоқсыңдар!
Кішкентай кезімде
Қара суықтарда
Ықтасын болып
Қалқалап бағатын едіңдер.
Жер лайсаң,
Аласапыраңдарда
Мектепке дейін
Арқалап баратын едіңдер.
Енді сендер жоқсыңдар!
Қандай бір
Қатты болсам да
Сендердің құшақтарыңда
От тиген
Қорғасындай болып
Балқып кететін едім.
Қаншама
Жадап жүрсем де
Сендерді көріп
Шалқып кететін едім .
Енді сендер жоқсыңдар!
Біздерді
Қу тірлікке тастап
Қара жерге
Мәңгілік жайланғандарың-ай.
Әр көрген сайын
Жүрегі елжіреп,
Бауыры езіліп
Айналып-толғанатын,
Айналайындарым-ай.
Енді сендер жоқсыңдар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ағаштармен қыдырамын бiрге мен

  • 0
  • 0

Ағаштармен қыдырамын бiрге мен,
қарамастан күндiзге де, түнге де.
Емiн-еркiн сырласатын достардай
ағаштармен қыдырамын бiрге мен.

Толық

Сол күнге әлi алаңмын

  • 0
  • 0

Сол күнге әлi алаңмын:
Қуғандай бейне тап бiр сел
үстiнде аппақ алаңның
жүгiрiп келе жаттың сен.

Толық

Жаңбырлы күні

  • 0
  • 0

Аспан тамшысымен
Маңдайымнан шерттi.
Бiр шерттi,
Екi шерттi...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар