Өлең, жыр, ақындар

Сүттен тамған дәм

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 360
Кешегі майдан дауылды
Жылдарда, келіп досқа мен,
Дүрлігіп тұрған айылды
Көрген едім Ошта мен.
Сонда ақ жаулық басында,—
Кәрі ана — қырғыз әйелі,
Ұсынып сүтін, асын да
Жегізген дәмі — бал еді...
Сол ана берген ақ сүттің
Кетпейді дәмі таңдайдан,
Ана мейірін жақсы ұқтым,
Өлең де жаннан тамған дәм...
Есімде Ошта болғанмын,
Ол кез... мылтық асынғам,
Бағы үшін ана, баланың
Майданда жауға ашынғам!
Жеңіспен, майдан біткелі,
Көп жылдар өтті арада;
Осы еді жырдың күткені,
Арналды сол жыр анаға!

1955



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кавказ

  • 0
  • 0

Таудан тауға бұлт оралған,
Қайғы, зардан қан ағылған,
Баста-ақ жиһан Прометейін
Бүріп қыран ойрандаған,

Толық

Жиырма алты

  • 0
  • 0

Қасірет тартқан Бакудің мұң жүзінде,
Алыс қарап, күткен үміт көзінде.
Үй жарларын жарақаттап жыртқан оқ,
Мұнда аямай адам басын жұтқан оқ...

Толық

Бір шырқалық

  • 0
  • 0

Егіз елді шомылтып,
Егіле ағып Чу жатыр,
Төлді суға тоғытып, —
Шопанымыз шыңда тұр.

Толық

Қарап көріңіз