Өлең, жыр, ақындар

Жазғы кеш

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 423
Жазғы кеш. Комбайнды қырманына
Қойды да бетін жігіт бұрды ауылға,
Есілдің көк толқынын көзбен шолып,
Шалғайда сүйген қызы келді ойына...
Лақтырған ақ көбігін нұр бетіне,
Ұқсатам, деді: «Есілді — Днепрге,
Дариға-ай, Днепрден жас Мария
Шығарып салған мені о бір түнде...
Есілдің толқыны ағып ән салғандай,
Асығып сол толқынды,— аңсағандай —
Марияшым құстай ұшып көкірегіме
Тамаша болар еді қонса қандай?!»
Деп жігіт ойлады... көп мезгіл өтті,
Жаз жылжып қырау кірпік күз де кепті.
Егінін комбайншы орып болып,
Қамбаға ақ маржандай дәнін төкті.
Көгінде күз бұлты да қанат қақты,
Бусанып боз тұманға тың жер жатты.
Қуанып кетті бір кез комбайншы,
Аңсаған Марияшы келіп тапты.
Ашылып күн райы тұнып тұрған,
Сейілді ысырыла бұғып тұман...
Көк Есіл толқынына көз жіберіп
Қарап тұр екі ғашық биік қырдан.

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жырым

  • 0
  • 0

Әр жырымда бір жаз бар,
Гүл шашады, күледі.
Әр сөзімде бір саз бар,
Сүйініш оның тірегі.

Толық

Көз толтыра қарадым

  • 0
  • 0

Келбетін көріп кең дала
Көктемнің сұрғылт бұлтының
Күткендей тұңғыш жер-ана,
Аспаннан күннің күркірін!

Толық

Граф Нулин

  • 0
  • 0

Уақыт жетті! Мүйіз дабыл қағылды;
Ит бегілер киді киім жағымды;
Таң атудан бұрын атқа мініпті,
Аңсыраған ит тобы ойнақ салулы,

Толық

Қарап көріңіз