Өлең, жыр, ақындар

Темір керуен

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 444
Шексіз дала төскейін,
Шеңберлеген қол батыр, —
Құлашын тартқан қос шойын,
Жарқырап жонда жол жатыр.
Қос шойынды табаны
Жалап темір керуен
Паровоз зулап барады
Өлкенің кең ерінен.
Маңдай терін бір сүртіп,
Машинист алға қадала,
Тегершіктер жер сілкіп,
Ойнақ салған далада...
Керуендей керілген,
Кең вагондар үсті ашық.
Үстіне жүк тиелген,
Біріне-бірі ұштасып.
Вагон толы трактор,
Әне, алуан комбайн,
Соны күтіп қырат тұр,
Құп алуға дап-дайын.
Бөгелместен бір жерге,
Осы темір керуен,
Келген қыста-ақ тық жерге,
Отанның әр жерінен.
Бүгін шолып қарасам:
Тың жерлердің алабын,
Егін шалқып орасан,
Тұр көркі боп даланың.
Меруерт дәнді бөгелмей
Орып алуан комбайн,—
Есігін аш,— дегендей,
Еліне, кең қамбаның.
Трактор қырды тарақтап,
Жыртып, егін күздікті,
Дән тазалап, тары ақтап,
Келешекке ел көз тікті.
Даласынан елімнің,
Тағы темір керуен
Дәнін тиеп егіннің,
Асты қырдың белінен.
Шексіз дала төскейін
Шеңберлеген қол батыр,
Қасқая тартқан қос шойын,
Жарқырап жонда жол жатыр.

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Алла», «Құдай» — жалбарынған сөздері

  • 0
  • 0

Қарны қабақ,
Беті табақ,
Жалшы қанап,
Бай мұз-балақ

Толық

Жастық оты

  • 0
  • 0

Жастық отым сөнбейді,
Жел тұрса да, бұлт шығып.
Бойды қуат кернейді,
Марқайсам да мұрт шығып.

Толық

Қысқы ымыртта

  • 0
  • 0

Мұхитына көкжиек
Қызыл қанат күн батып,
Оранғандай ақ жібек.
Мұз құрсанды қыр қатып,—

Толық

Қарап көріңіз