Өлең, жыр, ақындар

Миллиондармен біргемін

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 346
Өмір менен өлімнің
Қойса екеуін алға нақ:
Бір секундын өмірдің
Сүймес пе адам мың қабат!
Бейбіт өмір — күнмен тең,
Соғыс — бір қара түнмен тең.
Жоқ,
Соғыс еш болмайды!
Болдырмаймыз қан топан!
Таң нұрымен жайнайды
Қызыл тулы Ұлы Отан.
Бейбітшілік жақтаған
Әлем алға аттаған.
Тағы атом бомбасын
Америка бұрқантып,
Деп қара бұлт торласын
Қан тілеп тұр жер тарпып.
Қан шомылсын жер үсті —
Деп, аңсар кім соғысты?!
Кешегі қанды майданда
Қирап қала, сан үйлер,
Әкесі қаза болғанда,
Жетім қалған сәбилер...
Кім тілер енді ондайды,
Тілемейд, соғыс болмайды!
Жауған қанды оқ деген,—
Мереке, я, емес той!
Оқ ызыңы — Бетховен
Симфониясы емес қой!
Кімге ұнайды оқ даусы
Сүймейді оқты ел даусы.
Біз күшімен атомның
Жүргіземіз поезды,
Мүддесіне халықтың
Шалқытамыз теңізді!
Самғатамыз самолет,
Көкке ұшамыз әуелеп.
Атомды соғыс әлемде
Болмасын деп қан майдан,
Бір ауыздан бар елде
Миллиондар қол қойған.
Миллиондар қол қойған —
Миллиард жанға салған жол!
Толқынына зор теңіз
Тамшы болып құямын.
Миллиондармен біргеміз,
Қолымды мен де қоямын.
Мен —
Миллиондар бірімін,
Миллиондармен бір үнім!

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қанат қақты химия

  • 0
  • 0

Жиырмасыншы ғасырда
Даңқымызға дала тан,
Тағы тарттық асуға
Айға созып алақан!

Толық

Күз

  • 0
  • 0

Көтеріле, аспандай,
Көкте сұрша бұлт кешіп;
Жерге інжу шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп.

Толық

Өзі-ақ күн

  • 0
  • 0

Дабылынан Октябрь
Ойы - қырым оянып,
Ұлы арманға жеткен бір
Тұрған елім толғанып.

Толық

Қарап көріңіз