Өлең, жыр, ақындар

Әбіл қарттың баласы

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 410
Білуші ем сұйық сақал Әбіл қартты,
Бойы сұңғақ, жүрегі әділ қартты...
Ат жақты, өткір көзді, жылы сөзді,
Тұнарған қырау қабақ, сөзі ырғақты.
Үйіне барсаң беті шырайланып,
Қайнатып, қарсы алатын, шайын тәтті.
Баяннан сол туған шал баянды етіп
Бір ұлын бізге тастап дамылдапты.
Осыдан жиырма шақты жылдай бұрын
Менімен таныстырып жырдай ұлын,
«Шомылған Сабынкөлге сәбиім», — деп,
Әбекең ұлын құшып тұрғандығын
Түбіне жүрегімнің қойғам сақтап,
Сол ұлы жырын тойлап тұрған бүгін —
Баласы Әбіл қарттың ақын Дихан,
Ержеткен Отанының жырлай гүлін...
Өстік те сыйлай біле ағаны біз,
Алға да келді бірге қарағымыз,
Өлеңнің өмірінде бірге ер жетіп,
Бір барды майданға да қадамымыз,
Ақ қанат қағаз бетін жырға бөлеп,
Жұп жазбай бір жүгірді қаламымыз.
Жырлауға жұртымыздың жақсы күнін
Жарқылдай берсін қалам жарағыңыз.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіңе ұқсас

  • 0
  • 0

Жас қайыңның тізілген
Бүршік атып өзегі
Секілді жас қыз киген
Шыт көйлектің безегі.

Толық

Тұтқын

  • 0
  • 0

Ашшы менің түнімді
Берші жарық күнімді,
Қара жал жүйрік атпенен,
Қара көз бұраң сұлуды!

Толық

Суретші күз

  • 0
  • 0

Бұлтты күз, буалдыр күз манаураған,
Аулақта әлдекімдер аң аулаған,
Бұтақтан желге үзілген жапырақтар
Астында аяғымның сан аунаған...

Толық

Қарап көріңіз