Өлең, жыр, ақындар

Миллиардтың қоймасы

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 450
Жаз — егін, самиян дала, саладағы
Телегей теңселген тың даладағы
Масағы ақ бидайдың көкке мезгеп,
Секілді шаншылған сан садақ оғы.
Астығын Қазақстан аймағының
Көрді көз, тұрды тербеп самал оны.
Орманнан бидай бойын асырғандай,
Жер бейне дәннен қару асынғандай,
Жайқала бойшаң біткен тың егіні
Аттылы кісіні де жасырғандай.
Ақмола, Көкшетаудың қырманына
Құйылды бүгін маржан шашылғандай.
Жайқалған жазық дала жасағындай
Жүздеген комбайншы баса адымдай
Қозғалған, ішінде оның Микола жүр
Мұрты да бидайдың жез масағындай.
Түсті егін бөлек орған дестеленіп,
Қыздардың шарқатының шашағындай.
Көрмеген құдіретті қалпын бұзып
Егінін орған тыңнан халқым үздік.
Вьетнам, Украина, Москвалық
Жастардың еңбекте дос салты қызық.
Дән толы машиналар жүйткігенде —
Даламда бара жатқандай алтын жүзіп.
Күшіндей таудан аққан өр бұлақтың
Күшейіп елмен мен де өрге тарттым.
Достасқан миллион қолдар пәрменімен
Жемісін жеңісті еңбек жерде орнаттым.
Тартады ұлы Отанға дәннен сыйлық
Қоймасы Қазақстан миллиардтың.

1958



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспаны да аласа

  • 0
  • 0

Құмның, көрсең сен мұнда
Аспаны да аласа,
Шақ құламай күн құмға
Тұрғандай-ақ қарасаң.

Толық

Владимир Ильич Ленин

  • 0
  • 0

Уақыт, сөзді бастаймын Ленин жәйлі,
Емес уайым жоқтықтан одан асқан.
Уақыт, неге десеңіз,— ауыр қайғы
Мойытып, қара бұлттай үстен басқан.

Толық

Ленин туралы жыр

  • 0
  • 0

«Аврора» сонау бір кез...
Неваның,
Сарайына патшаның
оқ атқаның,

Толық

Қарап көріңіз