Өлең, жыр, ақындар

Жалпақтал

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 510
Жүзіңді жылдар аңсаған,
Жаңа көрдім, Жалпақтал,
Жұртыңды жылы қарсы алам,
Жырымды да байқап қал.
Толықсып шықты алдымнан
Толқынды Қара өзенің,
Көгінен нұрын ай құйған
Құшағын жайды өз елім!
Осы бір өзен есімде
Дауылды сонау жылдардан
Ақ арғымақ үстінде
Жорықта Чапай жүлде алған.
О, Қара өзен, алыстан
Көпірің жатыр шалқайып,
Төсіңде тұңғыш танысқан
Фурманов пен Чапаев.
Сол елдердің жорықтан
Тұлпарының ізіне
Егін дәнін толқытқан
Ел көрінді көзіме.
Қырына көзім қадалса
Қойлар жатыр қаптаған,
Жұлдызды шопан тұр
Айша Еңбегін ел мақтаған.
Көшімнен су ішіп шұбырған
Үйірлі қызыл киіктей,
Еділбай қойы мыңғырған,
Еңбегі шопан биіктей.
Егінің бай, суың бал,
Еркін өскен ел озық,
Сәлем берем, қабыл ал,
Амандасам қол созып.

1958



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дала

  • 0
  • 0

Теріскейден бұлт тұрған
Көрсең қысқы даланы,
Қыр бораны бұқтырған
Таппассың баспананы.

Толық

Москва

  • 0
  • 0

Алатау алтын төскейден
Мал баққан шабан жүрегі
— Қуана соқса кэш жерден
Ойнайды завод гудогы.

Толық

Еңбек сүйгіш жеңешем

  • 0
  • 0

Білегін әппақ түрініп,
Үй жұмысын істеген,
Тап-таза боп үрініп,
Үстіне шаң түспеген.

Толық

Қарап көріңіз