Өлең, жыр, ақындар

Темір жол

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 819
Николай Сидоренкодан

Жол салып, ән қосқандар,
Күрегі қолда жарқырап,
Төселді ауыр шпалдар
Үйілді қойтас, топырақ.
Көтеріңкі террасы,
Дачалар бұға қараған,
Жүйткіді поезд жорғасы,—
Көк жалы бұлтты ораған.
Паровоз оттай қайнаған
Көбіктей буы ойнайды,
Әскерше киген бір адам
Вагоннан қолын бұлғайды.
Жымия күліп, сызыла
Қол бұлғаймын мен де оған,
Вагондарға қызыға
Түтіндете зулаған.
Жол болсын дос! Бас қадам,
Тұрарсың алыс перронда,
Онда да керек жақсы адам,
Жақсы адам керек онда да.
Тағы да әнін қосқандар
Жаңғыртты ішін орманның,
Төселді ауыр шпалдар
Төсіне суық құмдардың.
Құстар да қанат қомдана
Қарағай, қайың басынан
Қарайды бейне таңдана
Темір жолға жосылған.
Жақында шың-шың балға үні
Естіледі құлаққа,
Бригаданың барлығы
Келген жоқ әлі құдыққа.
Естіліп тұр дүрсілі,
Поездың кеткен алысқа,
Әлдекім ауыр күрсінді,
Үнсіз, қарап шығысқа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөз зергер

  • 0
  • 0

Өлеңнің биік көгінде,
Шалқая бейне туған ай, –
Кең даламның төрінде,
Жаны ақын туды Абай.

Толық

Мен ақынмын, мен – еш мистер емеспін

  • 0
  • 0

Әлде қалай, –
Нью-Йорк, не Парижде
Серуендеп жүре қалсам, кеш бір кеп,
Парижанка сырттан көріп бір жерде

Толық

Мақаш қала

  • 0
  • 0

Поезбенен біз өткенде
Дағыстанның жерінен,
Күміс Каспий құшақ жайды
Мақашқала өрінен.

Толық

Қарап көріңіз