Өлең, жыр, ақындар

Ұшып келем

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 470
Мезгілі еді нақ түстің
Күн күледі үстімде,
Ұшып келем «Аққұстың»
Қанатының үстінде!
Көкте түбіт түткендей
Аппақ бұлттар ауылы
Аунақшиды, өткендей
Үстінен көк дауылы.
Ақ бұлттардың ауылын
Көктей өтіп мен келем,
Басқандай көк дауылын
Көкейіме келді өлең.
Жатты Эльбрус биігі
Аяғымның астында,
Менен төмен иығы,
Ұштым одан астым да.
Қалды алдында көзімнің
Таудың талай бөктері,
Сонда өзімді сезіндім
Космонавттай көктегі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұр құлын

  • 0
  • 0

Алматыдан қашық емес,
Қаскелеңнің ауданында,
Тыңда, балалар, осы кеңес
Болған колхоз аумағында.

Толық

Қарт қорған

  • 0
  • 0

Гаграның біп-биік
Көрдің бе ескі қорғанын,
Жарына сан оқ тиіп
Шежіре боп тұрғанын?..

Толық

Мұнай

  • 0
  • 0

Каспийдің күміс көбік толқынындай,
Бұрқанып жердің астын керней тулай,
Арналы алып Эмба шыңырауынан
Бұрқырап көкке шапшып шыққан мұнай.

Толық

Қарап көріңіз