Өлең, жыр, ақындар

Гагра

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 357
Аясын кең Абхаздың
Ашып теңіз жарына,
Бұлт түндігін шат-құздың
Түрген таулы Гагра.
Қара теңіз заңғардың
Толқыны жар соғып бір,
Тас емшегін таулардың
Солқылдата сорып тұр!
Алды теңіз, арты тау,
Кәрі қорған Гагра,
Әр тасында жатыр-ау! –
Заманғы аңыз жаңғыра...
Әлдиленіп ақ бұлтқа
Тербеледі тау басы,
Ұсап жанған жақұтқа
Жайнап-ақ тұр миуасы.
Гүлі күлте, бойы тік
Кипарисі, пальмасы,
Көзді көрген ұйытып
Өскен сұлу тұлғасы.
Алды теңіз, арты тау,
Неткен сұлу Гагра!
Көркіне енді япыр-ау, –
Не жетпейді тағы да?!
Қара теңіз заңғардың
Толқыны жар соғып бір,
Тас емшегін таулардың
Солқылдата сорып тұр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір шырқалық

  • 0
  • 0

Егіз елді шомылтып,
Егіле ағып Чу жатыр,
Төлді суға тоғытып, —
Шопанымыз шыңда тұр.

Толық

Жоқ, мен Байрон емеспін, езге жанмын

  • 0
  • 0

Жоқ, мен Байрон емеспін, езге жанмын,
Әлі жұртқа мәлімсіз бір адаммын,
Қуғын көрген сол құсап мен бір кезбе,
Жаным орыс болып тек жаралғанмын.

Толық

Қазақстан

  • 0
  • 0

Қазақстан кең көзі,
Алтын атқан жер көзі.
Асқар тауы асқарлай,
Асқарын сүйеді аспанда ай;

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар