Өлең, жыр, ақындар

Батырбек датқа айтқандары

  • 10.12.2015
  • 0
  • 5
  • 10453
Ассалаумағаләйкүм, дәу Батырбек,
Туғаның хабарлады «Сен келсін» деп.
Баурыңның иманы жолдас болсын,
Айтпақ едім көңілді өзім де кеп.
Төрт Дулаттан тараған Сыпатайдың,
Келді ме деп ойлап ем қайғысын жеп.
Бойың биік болғанмен, ойың қысқа,
Дәу Батырбек дейді екен сені босқа.
Жақынын жаттай көріп айып сұрап,
Қысқалығың көрінді осы тұста.
Сыпатай Дулаттағы ер кісі еді,
Ақылы дариядай көл кісі еді,
Жаныстан өтіп кеткен әзіз Төле,
Сенкібай, Шойбекпенен тең кісі еді.
Құлмамбет, Таңсықпенен о да кетті,
Сүйегі соларменен бір кісі еді.
Батырбегім, топ болса айқайлайсың,
Үшеуінің қасында нең кісі еді?!
Елімді қорашсынба, дәу Батырбек,
Кеткен жоқсың олардың ақысын жеп.
Дәң кеуде, сом қабырға, қомпылдаған,
Жуан кісі екенсің ақылың жоқ.



Пікірлер (5)

Қанат

Сүйінбай сиақты сасық ақындардың сорпа-сүиек үшін өлең айтқандардың атын Алматыда Жамбылдың атын алып тастағандай алып тастау керек.

Қанат

Сүйінбай сияақты сасық ақын сымақтың сорпа-сүйек үшін таласқан адамның атын Алматыда Жамбыл Жабаевтың атын алып тастағандай алып тастау керек Қазақа үлгі болар бұл емес Мәшһүр Жүсіп,Абай,Шәкәрім.Мұқағалидың боғынада татымайтын адам

Ержан

Қанат, сүйек туралы нақтырақ айта кетсең?

Белгісіз жан

Кешірерсіз Қанат неге соншалықты Сүйінбай атамыз туралы мұндай пікір қалдырып отырсыз аузым бар деп оттай бермеңіз Сіз оны танып-білген көрген адам емессіз. БІЗГЕ ҚАНДАЙ КЕРЕМЕТ МҰРАЛАР ҚАЛДЫРЫП ОТЫР ҮЛГІ-ӨНЕГЕ БЕРЕРЛІК ӨЛЕҢІМЕН СУСЫНДАТЫП ОТЫРҒАН ЖОҚПА ҰЯТ ЕКЕН ТІПТІ САНАҢЫЗДЫҢ ЖЕТКЕН ЖЕРІ СОЛ БОЛСА ҚАЙТЕМІЗ.....

Бекарыс

Қанат сол сөзіңді қайтып . Сүйінбай атамыздын атын емес сенің тіліңді кесу керек

Пікір қалдырыңыз

Жұмыққа

  • 0
  • 4

Атың емес, Жұмық - ай, ойың жұмық,
Бір басыңнан шығады нелер қылық.
Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ,
Жүргендей боп кеттім - ау көзді жұмып.

Толық

Тезекке тепсіну

  • 0
  • 2

Ойланып қара, хан сұлтан,
Жолы қандай жақсының.
Үйіңе келген кісіні
Өлтірем деп қожаңдау -

Толық

Болыстарға баға

  • 0
  • 0

Сыйқымбай өзің атың Аятбектен,
Сенде болат кездіксің асыл тектен.
Бойыңда қылтылдаған мінезің бар,
Әйтпесе озар едің талай көптен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар