Өлең, жыр, ақындар

Өмірдің талай қыры бар

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 552
Өмірдің талай қыры бар,
Өмірдің талай сыры бар,
Қуаныш пен қайғының
Өзіне тән жыры бар.
Жаздың қызыл гүлі бар,
Гүлдін де солар күні бар,
Гүл солғанын күз ұғар,
Әр мезгілдің сыры бар...
Күздің де келер қысы бар,
Қыстың да аяз күші бар,
Көктем туса қыс қашып,
Бас иіп, қол қусырар.
Өмір барда – өну бар,
Туу барда – өлім бар,
Адам өлмес болса екен,
Ажалда мәңгі кегім бар!
Кезімен ажал жеткені
Өкініш емес, тек мені
Өкінтеді адамның
Мезгілсіз өліп кеткені...

1961



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Киемін сұр шинельді

  • 0
  • 0

Маған мәлім, жолдас Марат!—
Сенің туған жылдарың,
Ерлігіңе болғандай шарт
Шырқалған жырларым.

Толық

Ақын

  • 0
  • 0

Қырындай шың басынан көз алмаған,
Саңқ етпей қан сонарда төзе алмаған,
Алысқа жанар атып, сонарлатып, –
Ақын да аңшы ғой бір сөз аулаған...

Толық

Жердің алтын астауы

  • 0
  • 0

Бұлт емшегін, саудырғандай жебелеп,
Көктем ылғи көктен жаңбыр себелеп,
Жер төсіне төкпепті бір бекерге,
Ақ тамшыдан күміс шеге шегелеп!..

Толық

Қарап көріңіз