Өлең, жыр, ақындар

Ақын ажалы

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 268
(Ақын Жұмағалиді еске түсіру)

Қағып ажал жолынан
Ашты дағы аранын!
Қайран ақын! – қолыңнан
Түсті ұшып қаламын.!..
Енді қайтып, қаламды
Ұстамайды саусағың,
Алда талай аяулы
Дидарыңды аңсарым.
Рахымсыз қатты ажал,
Нең бар еді ақында?
Лебің суық қатты ажал,
Күндегенің ақын ба?
Кетпей ажал тау-тасқа,
Нең бар еді ақында?
Ажал түгіл, науқасқа
Қиман ақын атын да!
Қадап көзді өмірге
Салып кеттік, ақыным,
Арманыңды қабірге
Алып кеттің ақырын...
Баса тұрмай жер бетін
Нағып кеттің, ақыным?
Мұң мен жүрек бір шетін
Шалып кеттің, жарқыным!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысқы ымыртта

  • 0
  • 0

Мұхитына көкжиек
Қызыл қанат күн батып,
Оранғандай ақ жібек.
Мұз құрсанды қыр қатып,—

Толық

Суық қолға сұқтырма

  • 0
  • 0

Қой терісін жамылып,
Бөлтірігі қасқырдың
Арадан қалса табылып.
Тапжылдырмай басқа ұрғын.

Толық

Улы ағаштың тамыры

  • 0
  • 0

Улы ауадан жаралған,
Улы жерден таралған,
Улы судан көктеген,
Көктемей, шіріп, жетпеген,

Толық

Қарап көріңіз