Өлең, жыр, ақындар

Абай көшесі

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 580
Мен тұрамын көшесінде Абайдың,
Абайдың сом мүсіні сол Алаңның
Төрінде тұр, тауға көзін төңкеріп,
Тастан құйған тұлғасына қараймын...
Мен қарасам, маған бейне бұрылып,
Тастан құйған тұлғасынан тіріліп
Қарағандай, қаршыға ойы ауадан
Қаржып алып тұрғандайын жыр іліп...
«Биігінен шырқап ұшып Шыңғыстың
Алатауға қонақтаған бір құспын!»
Дегендей-ақ, қомдап елең қанатын,
Шашып жарқын тұрғандай бір жырлы ұшқын!
Қолында ұстап тас мұқаба дәптерін,
Ұшырғандай жырдың сұлу кептерін,
Қазақшалап Татьяна хаттарын,
Ойлағандай өмірдің сан өткелін...
Тұғырында тұрып өлең ол бастап,
Ақын атты аламанға ой тастап,
Алға меңзеп тұрғандай бір үн қатып:
Мен бастағам, ал жалға деп сен қостап!»
Тебіренткендей тұла бойды толқытып,
Өлеңінің атылғандай оты тік!
Абай өзін машық Мұқан, қолымен
Том қып құйып, тұр әлемге оқытып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегің лүпілдеген

  • 0
  • 0

Сұлу жыр түртсе жаның,
Жүрегің лүпілдеген,
Сондай-ақ күтсе жарың
Үйіңде үлпілдеген!

Толық

Май толқыны

  • 0
  • 0

Май толқыны толқып, қайнап,
Қайыстырған жерілді.
Аспанға асып,
Ұран тасып,

Толық

Бұлт үрікті

  • 0
  • 0

Шуағы мол, күн отты,
Бітіп айы көктемнің,
Ойды, қырды түлетті,
Жаңбыр күтпес көктен кім?

Толық

Қарап көріңіз